Бөтен әлем әңгімелері. Кіріспе



Айжанның әкесі сол бір дағдарыс жылдарында үйінің жанынан дүкен ашып, базардан тауар әкеліп сатып, алыпсатарлықпен айналыса бастады. Мектепте математикадан сабақ беретін мамасы да бәрін тастап жолдасының бір жағына шығуды жөн көріпті. Екі этажды, ел арасында “хрущевка” аталып кеткен үйдің бірінші қабатында орналасқан Айжандардың дүкені әп дегеннен-ақ айналадағы тұрғындардың тыным таппай сауда жасайтын орнына айналады.